Басып шығарудың жоғары жылдамдығы және сапасы
Жиынтықта болатын Adobe PostScript 3, 130 м2/сағ дейінгі жылдамдық деңгейінің және 28 өнеркәсіптік қорғаныс функцияларының арқасында екі орамды қолдайтын бұл принтер жоғары сапалы үлкен көлемдегі кескіндердің тез басып шығарылуын қамтамасыз етеді.
Әмбебап пайдалануға арналған шағын өлшемдер
SC-T5700D — шағын және функционалды принтер. Принтердің тегіс жоғарғы панелін басып шығару аяқталған соң ізтаңбаларды жайғастыру және қарау үшін пайдалануға болады. Барлық шығын материалдары және тасымалдағыштар алдыңғы жағынан жүктеледі, сондықтан принтерді орнатқаннан кейін жылжыту қажет болмайды.
Көшірме салондар мен коммерциялық кәсіпорындар үшін тамаша
Автоматты жүктеу функциясы бар SC-T5700D тасымалдағышты тез әрі ыңғайлы жүктеуге, сыйымдылығы 960 ГБ 2 шифрланған SSD-жинақтағыштан файлдарды қайтадан басып шығаруға мүмкіндік береді.
Ауыстыруды талап етпейтін басып шығару механизмі3
Үлкен көлемдегі инженерлік сызбаларды және жарнамалық постерлерді басып шығару механизмін ауыстыру қажеттілігінсіз басып шығару. Ізтаңбалар әрдайым кәсіби түрде, анық және жарқын болады.