Картридждерсіз басып шығару
Үлкен көлемді сия құтысы бар EcoTank құрылғылары - бұл үйде және кеңседеде басып шығаруға арналған қолайлы шешім. Модельдер ағып кету қаупін азайтатын, жетілдірілген Ink Black сияны толтыру жүйесімен, сондай-ақ түстерді шатастырмайтын KeyLock жүйесімен жабдықталған. Сия құтыларының алдыңғы жақта орналасуы сия деңгейін оңай бақылауға мүмкіндік береді.
Одан сайын үнемдірек
Принтер басып шығарудың рекордтық төмен өзіндік құнын қамтамасыз етеді. Жиынтықтағы сиялар үш жыл пайдалануға жетеді2 - 90%-ға дейін үнем1. Сияның ауыстырылатын бір жиынтығы 4 300 ақ-қара парақты және 7 300 түрлі-түсті парақты3 басып шығаруға жеткілікті, бұл шамамен 66 картриджге тең1.
Epson Smart Panel қосымшасы
Epson Smart Panel қосымшасы принтерді смартфоннан немесе планшеттен4 басқаруға мүмкіндік береді. Құжаттар мен фотосуреттерді басып шығарыңыз, көшіріңіз және сканерлеңіз, принтерге қызмет көрсетіңіз және көркем шаблондардың үлкен жиынын пайдаланыңыз.
Функциялардың көптігі
Тез әрі тиімді басып шығару, көшіру, сканерлеу және факстарды жөнелту. Шағын принтер өлшемі 3,7 см түрлі-түсті LCD экранымен, 30 парақты құжаттарды автоматты беру құралымен, факспен, 100 параққа есептелген артқы тартпамен жабдықталған және минутына 15 бетке дейін басып шығаруға мүмкіндік береді5 – барлығы сіздің уақытыңызды үнемдеп, жұмысыңызды ыңғайлы ету үшін.
Заманауи мүмкіндіктер
EcoTank принтері Epson Smart Panel қосымшасын пайдаланып телефоннан немесе планшеттен тікелей басып шығаруға, сканерлеуге және басқа міндеттерді орындауға мүмкіндік береді4. Сонымен қатар, сіз Apple AirPrint, Wi-Fi, Wi-Fi Direct және Ethernet қолдайтын жаңа принтерді қолданыстағы экожүйеге біріктіре аласыз.
Epson Heat-Free суық басып шығару технологиясы
Басып шығару кезінде қыздыруды пайдаланбайтын PrecisionCore Heat-Free технологиясы үнемі ауыстырылатын бөлшектер санының аздығына байланысты электр қуаты мен ақшаны үнемдеуге көмектеседі. Басқа өндірушілердің принтерлеріне қарағанда, модель орнатылған басып шығару механизмімен жеткізіледі және күрделі баптауды қажет етпейді.