Үнемді

Экологиялық таза

EcoTank

Жиынтығында көп мөлшердегі сиясымен бірге жеткізілетін картриджі жоқ Epson EcoTank принтерлерімен бірге үнемдеңіз
Heat Free1 қыздырмайтын технологиясының арқасында көміртек мөлшерін азайтыңыз

ECOTANK SERIES

Epson компаниясы бірінші болып картриджсіз бүріккіш құрылғыларды ойлап тапты, оларды үздіксіз жетілдіре отырып, Қазақстан нарығына 10 жылдан аса уақыт бойы сәтті жеткізіп келеді. Компанияның сатылымдары бүкіл әлем бойынша 80 миллионнан асады2.

EcoTank принтерін ұсынамыз

Сияларға арналған ыдысы бар картриджсіз EcoTank принтері сияға арналған ыдысты толтырғанға дейін мыңдаған парақтарды басып шығаруға мүмкіндік береді.

EcoTank принтерлерінде Heat-Free технологиясы қолданылады, ол лазерлік және жылытылатын бүріккіш принтерлермен салыстырғанда тұтынушылар үшін көбірек тиімділікті қамтамасыз етеді.

EcoTank дегеніміз не?

EcoTank принтері көптеген принтерлерге қарағанда түбегейлі ерекшеленеді: картридждердің орнына үлкен сия ыдыстарымен жабдықталған, ол жеткізу жиынтығына кіретін контейнерлерден тұратын сиямен толтырылады. Қолдана бастаған сәттен бастап 14000 бетке дейін басып шығаруға жеткілікті сия болады3, яғни сіз ақша мен уақытты үнемдейсіз, өйткені картридждерді жиі ауыстырмайсыз. Оңай орнату және еш қиындықсыз сиямен толтыру мыңдаған парақтарды басып шығаруға мүмкіндік береді.

Бейнежазбаның толық нұсқасын көріңіз

Картридждерсіз басып шығару

Картридждік құрылғылардан 25 есе тиімдірек!4

Epson Ecotank сериясындағы кез келген Epson принтері мен көп фунциялы құрылғыларды жеткізу жиынтығына толық өлшемді сия контейнерлерінің жинағы кіреді.
Құрылғының үлгісіне қарай басып шығаруға сия жеткілікті:
Epson EcoTank L61XX сериялы кеңсе құрылғылары үшін 14 000 ақ-қара түсті және 11 200 түрлі түсті парақтарды5 басып шығару;
Epson EcoTank L31XX сериялы үйде қолдану құрылғылары үшін 4 500 ақ-қара түсті және 7 500 түрлі түсті парақтарды6 басып шығару;
Фотопринтерлер мен Epson EcoTank L8XXХ сериялы көп функциялы құрылғылар үшін 10х15 пішініндегі 2300 фотосуреттерді7 басып шығару.

EcoTank принтерімен үнемдеу

Бастапқы жинақта сия контейнерлерінің мол болуының және лазерлі принтермен салыстырғанда бүріккіш принтердің бүкіл қызмет ету мерзімінде талап етілетін шығын материалдарының аз болуының арқасында қаражатыңызды үнемдеңіз

Энергияны үнемдеп, Heat Free қыздырмайтын технологиясының арқасында көміртек мөлшерін азайтыңыз.

Неге EcoTank принтерін таңдаған дұрыс

Өнім желісі

Үйде және шағын кеңсеге арналған басып шығару құрылғысы

Үйге арналған EcoTank принтерлерінің көмегімен құжаттарды оңай басып шығарыңыз, сканерден өткізіңіз немесе көшірмесін шығарып алыңыз.

Бизнеске арналған түрлі түст�� басып шығару құрылғысы

Бизнеске арналған EcoTank осы үлгілерінің көмегімен тапсырмаларды тиімді орындаңыз.

Бизнеске арналған монохромды басып шығару құрылғысы

Монохромды лазерлік принтерлермен салыстырғанда EcoTank монохромды принтерлерінің көмегімен үш жыл ішінде басып шағыруға 50 % дейін үнемдей аласыз.

Фото басып шығару құрылғысы

Керемет жылтыр фотосуреттер басып шығарыңыз және қанық түстерден ләззат алыңыз.

Мобильді құрылғылардан ғана емес, басқа да тәсілмен басып шығару мүмкіндігі

Wi-Fi қосылған Epson әмбебап принтерлерінің кең түрімен мобильді құрылғылардан басып шығару жылдам әрі оңай болуы мүмкін. Енді үстелге отырып, уақытты алудың қажеті жоқ:Wi-Fi және басып шығаруға арналған әртүрлі тегін мобильді қолданбалары арқылы планшеттен немесе смартфоннан элементтерді жіберіңіз.

Бейнежазбаны көріңіз

Қыздырмайтын технологияның көмегімен болашақты қалыптастыру

Қандай да бір мәмілесіз өнімділікті арттырыңыз және қоршаған ортаға әсерді азайтыңыз.

1 Heat Free технологиясы туралы толық ақпаратты https://www.epson.kz/heat-free-technology сайтынан қараңыз

2 Epson ішкі жеткізілім деректері негізінде 2010-2022 жылдар аралығында Epson сия ыдыстары бар принтерлердің жиынтық сатылымы.

3 L61XX сериялы құрылғылармен бірге жеткізілетін екі Epson контейнер жинағының ресурс деректері. Деректер ISO/IEC 19752 стандартының тестілік басып шығару үлгілерін пайдалана отырып, Epson компаниясының әдіснтемесі бойынша орындалған өлшемдерге негізделген. Ресурстар туралы деректер ISO/IEC24711 стандартына негізделмеген. Деректер басып шығарылатын кескіндеріге, басып шығару параметрлеріне, қағаз түріне, пайдалану жиілігіне, ылғалдылыққа және басып шығару температурасына байланысты айтарлықтай өзгеруі мүмкін.

4 Epson Ecotank сериялы құрылғыларға арналған сия контейнерлерінің көлемі мен ұсынылған құнын стандартты сыйымдылықтағы Epson картридждерінің көлемімен және ұсынылған құнымен салыстыру.

5 L61XX сериялы құрылғылармен бірге жеткізілетін екі Epson контейнер жинағының ресурс деректері. Деректер ISO/IEC 19752 стандартының тестілік басып шығару үлгілерін пайдалана отырып, Epson компаниясының әдіснтемесі бойынша орындалған өлшемдерге негізделген. Ресурс туралы деректер ISO/IEC24711 стандартына негізделмеген. Деректер басып шығарылатын кескіндеріге, басып шығару параметрлеріне, қағаз түріне, пайдалану жиілігіне, ылғалдылыққа және басып шығару температурасына байланысты айтарлықтай өзгеруі мүмкін.

6 L31XX сериялы Epson құрылғыларымен бірге жеткізілетін екі Epson контейнер жинағының ресурс деректері. Ресурс деректері Epson компаниясының әдістемесі бойынша ISO/IEC 19752 стандартының тестілік басып шығару үлгілерін пайдалана отырып, құрылғыны бастапқы қосу үшін қажетті сияны есепке алмай жасалған өлшемдерге негізделген. Ресурс туралы ақпарат ISO/IEC24711 стандартына негізделмеген. Деректер басып шығарылатын кескіндеріге, басып шығару параметрлеріне, қағаз түріне, пайдалану жиілігіне, ылғалдылыққа және басып шығару температурасына байланысты айтарлықтай өзгеруі мүмкін.

7 L8XXХ сериялы Epson құрылғыларымен бірге жеткізілетін екі Epson контейнер жинағының ресурс деректері. Ресурс деректері Epson бес түсті контейнерінің (көгілдір, күлгін, сары, ашық көгілдір және ашық күлгін) ортақ ресурсын есептеуге негізделген. Қара түсті конетйнердің ресурсы жеке есептелген. Epson контейнер ресурсының деректері ISO/IEC FDIS29103 стандартының тестілік басып шығару үлгілерін пайдалана отырып, ISO/IEC FDIS29102 стандартына негізделген Epson компаниясының әдістемесі бойынша орындалған өлшемдерге сәйкес берілген. Деректер басып шығарылатын кескіндеріге, басып шығару параметрлеріне, қағаз түріне, пайдалану жиілігіне, ылғалдылыққа және басып шығару температурасына байланысты айтарлықтай өзгеруі мүмкін.

8 Epson M15180 моделі үшін кепілдік мерзімінің мәні көрсетілген. Басқа модельдер үшін кепілдік мерзімі басқа кезең болуы мүмкін. Басқа модельдерге арналған кепілдік мерзімін www.epson.kz сайтындағы құрылғылардың сипаттамаларынан біле аласыз