
ТОЛЫҚ ҮЙ
#Epson-мен бірге сіздің үйіңіз

Үйде демалыңыз
Үйде оқыңыз
Үйде жұмыс істеңіз
...Epson-мен бірге
Сіздің Epson көмекшілері бар үйіңіз толыққанды жұмыс және оқу кеңістігі ғана емес, сонымен бірге бүкіл отбасы үшін нағыз ойын-сауық орталығы болады.
EPSON ECOTANK
Үй принтерлері жұмыс мәселелерін шешуге көмектеседі және балаларды жалықтырмайды: құжаттарды ғана емес, сонымен қатар отбасылық альбомға арналған фотосуреттерді, шығармашылық үлгілерді, рецептілерді, оқу тапсырмаларын және басқаларын басып шығарыңыз.
Үйге арналған Epson EcoTank сериясының барлық моделі A41 форматындағы 7500-ге дейінгі түрлі-түсті және 4500 ақ-қара түсті ізтаңбаларды басып шығаруға арналған сия жиынтығымен бірге беріледі. Айына орта есеппен 300 парақ басып шығарған кезде, принтер келесі рет 3 жылдан кейін толтырылады.2
EPSON ПРОЕКТОРЛАРЫ
Жұмыс уақыты мен демалыстың тепе-теңдігі туралы ұмытпаңыз. Epson проекторларымен үйде ыңғайлы және жайлы демалыс аймағын жасаңыз.
Жақын адамдарыңызбен бірге фильмдер көруге, онлайн трансляцияларға немесе компьютерлік ойындар ойнауға уақыт бөліңіз. Мұның бәрі көзге максималды жайлылықпен жасалған.
Күңгірт және арнайы экранды қажет етпейтін үйге арналған жарқын проекторларының арасынан өз моделіңізді табыңыз.
EPSON СКАНЕРЛЕРІ
Ұзақ демалыс отбасылық фотосуреттер мұрағатын реттеуге, балалардың суреттері мен хаттарын цифрландыруға тамаша себеп. Жақын адамдарыңызбен және достарыңызбен жақсы естеліктер бөлісіңіз.
Epson кең ауқымды өнімдер қатарында кез-келген тапсырмаға арналған сканер бар, ал қарапайым мәзір мен ыңғайлы ендірілген бағдарламалық құрал барлық отбасы мүшелеріне сканерлермен жұмысты тез және оңай игеруге мүмкіндік береді.
ҚАЙДАН САТЫП АЛУҒА БОЛАДЫ
Біз сіздерге Epson техникасы бар уәкілетті серіктестердің тізімін жасадық.
Сізді қызықтыратын құрылғы моделін табу мүмкіндігі болу үшін интернет-дүкендердің тізімі әрдайым толықтырылып және жаңартылынып отырады.

- Ресурстар бойынша деректер құрылғыға құйылатын қажет сияны ескерместен ISO/IEC 19752 стандартының басып шығару сынағы негізінде, Epson компаниясының әдістемелеріне сәйкес жасалған өлшемдерге негізделген.
- Айына 180 түрлі-түсті және 110 ақ-қара түсті құжаттарды басып шығару кезінде ресурс туралы мәліметтерге негізделген шамалас есеп.